Қалған уақыт: 240:00

Сұрақ жүктелуде...

Менделеев кестесі

Менделеев кестесі

Оқу сауаттылығы

Қар туралы қызықты деректер

Кішкентай қар түйіршіктері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қардың тоқсан пайызы ауадан тұрады, сондықтан ол жерге өте баяу түседі. Қар судың бетіне түскенде өте жоғары жиіліктегі дыбыс шығарады. Оны адам құлағы ести алмайды, тек балықтар мұндай дыбысты қабылдай алады және олар ол дыбысты жек көреді екен. 1944 жылы 30 сәуірде Мәскеуде көлемі адам алақанындай үлкен қар жауған. Ал, әлемдегі ең үлкен кар түйіршігі АҚШ-та 1887 жылы 28 қаңтарда тіркелген. Оның ұзындығы 38 сантиметр, ені 20 сантиметр. Қар тек ақ түсті емес, қызғылт түсті де болады. Мұндай қарды тек биік таудан, полярлы аймақтан кезіктіре аласыз. Қардың бұл түрін көргендердің айтуынша, оның дәмі қарбызға ұқсайды.

Мәшһүрдің гибраты

Жапалақ деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады. Соның бәрін бірден жарып ұшырмайды. Екеу екеуден жарып, ұшырады. «Бәрін бірден жарып шығарсам, тамақ жеткізе алмаспын»,— дейтін көрінеді... Сонда да құстың семізі, себебі қанағатшылдығы. Адам қанағатты содан ғибрат алса керек. Байгыз деген құс бар. Кәріптікті мойнына алып, таста жатады. Қайда бұзылған жай болса, сонда жатады, су ішпейді, тамақ жемейді. Аузына көлденең тістеген жіңішке жалғыз шөп болады. Оны да жемейді, кұр тістеп жүрсе керек. Қазакта бір сөз бар: «Тұрымтай екеш тұрымтай да тайлы биенің етін жейді» деген. Бір нәрсені қорек кылып жейтұғын болсам, соның әуресімен бейнетке қалсам керек», деп көзге түспейді, жанға көрінбейді. Сүлеймен пайғамбарға барша құстар қызметкер болғанда, ол келмеген. Сонда Сүлеймен: - Не үшін маған келмейсің? дегенде. - Менін жалған дүниеден ешбір керек қылған нәрсем жок. Сенен не іздеп келейін? деген. Осы сөзімен кұлдықтан азат болган. Адам мұны ойлап, пікір кылуы керек. Ұшкан құсты торға түсіретін, жүйрік аңды орға түсіретін тамак екен. Осы күнгі адаммын деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында. Ол жау не десеңіз, жұткан тамақ. Жалғанда мазаққа, азапқа түсіретін тамақ. Артық тамақтан тартынған бәрінен аман болмақ.